Қаржы министрі зейнетақыны арттыруға бөлінген қаржының сомасын жариялады ыз
- author «Ақ жол»
- 18 мамыр, 2017
- 652
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінде Үкіметтің 2016 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов зейнетақыны арттыруға қанша қаржы бөлінгендігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бекітілген бюджеттің шығыстары екі рет нақтыланудың нәтижесінде 980 млрд теңгеге көбейген болатын. Бюджеттің осындай ұлғаюы, біріншіден, әлеуметтік салаға қаржыны көбейтуге мүмкіндік берді. Шығыстардың жартысы, яғни 4 трлн теңгесі әлеуметтік болып табылады», - деді министр. Атап айтқанда, 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9 пайызға көбейді. «Зейнетақыны төлеуге бюджеттен 1 353 млрд теңге қаржы бөлінді. Азаматтық қызметкерлердің жаңа еңбекақы жүйесі моделін енгізуге 290 млрд теңге бөлінді. Бала тууға жәрдемақы 438 мың алушыға төленіп, оған 33 млрд теңге жұмсалды», - деді Сұлтанов.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




