Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің тағы бір әдісін ашты
Үлкен үйір мен әлеуметтік қатынастардың беріктігі приматтардың өмірін ұзартады екен. Эксетер университетінің ғалымдары Пуэрто-Рикода 21 жыл бойы мыңдаған макаканы зерттей келе осындай тоқтамға келді. Зерттеу Phys.org сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Lenta.ru. Зерттеу қорытындысы бойынша ғалымдар бұл адамдарға да қатысты деген тұжырым жасап отыр. Әлеуметтік байланыс көрсеткіші ретінде ғалымдар туыстардың аз-көптігін алған. Әрбір туысқан алдағы жылда өлім қаупін 2,3 пайызға төмендетіп отырған. Алайда бұл байланыс қартайған ұрғашы маймылдарда байқалмаған. Ғалымдардың пайымынша, бұл жас және кәрі маймылдардың әдеттеріне байланысты. Осылайша маймылдар әдетте үйірдегі белгілі бір орын үшін агрессия танытады, бұл өзгелердің оған қамқорлық білдіріп отыруы үшін қажет, мәселен, денесіндегі паразиттерді тазалап береді. Ал кәрі макакалар әлеуметтік байланыс орнатуда тым талғамшыл болып шықты. Осыдан туыстары көп болғанмен, олардың бәрін өзіне жолата бермейді. Ғалымдар зерттеу арқылы ежелгі адамдар бір-бірімен қандай қатынаста болғанын анықтауға көмектеседі деген ойда. Әлеуметтік байланыстар ұзақ өмір сүруге септесетіндіктен алғашқы қауымдар пайда бола бастаған деген пікір бар.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді