Назарбаев Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді
- author «Ақ жол»
- 18 мамыр, 2017
- 875
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді", - делінген Ақорданың Twitter желісіндегі хабарламасында. КССР мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КССР мен Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Асанәлі Әшімов көптеген рөлдері арқылы Қазақстанның ең танымал актеріне айналған. Айта кетейік, биыл көрнекті театр және кино актері, режиссер, өнер қайраткері, ұлағатты ұстаз, Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Халықаралық фестивальдердің бірнеше мәрте жүлдегері, "Отан" орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Театрлар Ассоциациясының төрағасы, ұлттық сахна өнерінің өркендеуіне мол тәжірибесі, абырой-беделімен елеулі үлес қосқан Асанәлі Әшімов 80 жасқа толып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




