Отан – отбасынан басталады
Осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауы Елбасының тікелей бастамасымен өмірге келген болатын. Оған қатысып, өз шаңырағының өнегесін өзгелермен бөлісуді құп көріп, отбасылық татулықты арттыруға құлшыныс танытушылар қатары жыл өткен сайын артып келеді. Биыл да бұл байқауға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан қатысуға ниет білдіргендер баршылық.
Солардың қатарында тараздық 10 отбасы «Мерейлі отбасы – 2017» байқауына өз өтініштерін білдірген. Қала әкімі Рүстем Дәулет төрағалық ететін арнайы комиссияның шешімімен сол ондықтың ішінен 5 отбасы іріктеліп алынып, ары қарай облыстық сайысқа жолдама алды.
Олардың қатарында түрлі мамандық иелері бар. Атап айтқанда, «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі», зейнеткер, облыстық аурухананың ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сейітқасым Тәжбеновтің, облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Тараз қалалық №15 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Ақсақаловтың, «Қазфосфат» ЖШС Жаңа Жамбыл фосфор зауытының техник-технологі Нұрлыхан Қонақовтың, облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығының эндокринолог дәрігері, менеджмент және интеграция бөлімінің меңгерушісі Сәуле Юсупованың және облыстық орыс драма театрының актері, режиссері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған Бекназар Ізбасаровтың отбасы.
Алғашқы айналымның жеңімпаздары деп танылған бұл отбасыларды қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай арнайы марапаттап, сый-сияпат ұсынды. Алдағы байқауға үкілеп үміт артып қосып отырғандықтан, сәттілік серік болып, жеңіп шығуларына тілектестігін білдірді.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Суретті түсірген Нұрғиса ТҰРҒЫНБЕК.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




