Тараз қаласында кәсіпкерлерді заңсыз тексеруден қорғауға арналған «Қамқор» мобильді бағдарламасын насихаттау туралы семинар өтті. Аталған шарада мобильді бағдарламаның тиімділігі мен артықшылықтары сөз болды. Есепке алу жөніндегі бөлімнің аға прокуроры Ләйлә Мадиева семинарға қатысушыларға «Қамқордың» ерекшеліктері мен оған қажеттілік туралы түсіндірді. Оның айтуынша, «Бизнес тірегі» жобасы іске қосылғалы порталға 2,5 мыңнан астам арыз-шағым түскен. Соның 70 пайызында тексеруші мекемелердің құқық бұзғаны анықталған. Осы мәселенің алдын алу үшін «Қамқор» секілді мобильді қосымшалар таптырмас көмекші болатыны анық. Қосымшаны Андроид пен iOS жүйесінде смартфоны бар кез келген кәсіпкер қолдана алады. Мобильді бағдарламаны орнатқаннан кейін кәсіпкерді тексеретін болса, қосымшаға арнайы хабарламамен Push-ескерту келеді. Сондай-ақ бағдарлама «Қамқор» арқылы тексеруші мекеме мен қызметкердің аты-жөні толық көрсетіледі. Егер кәсіпкер тарапынан келіспеушілік болса, кез келген уақытта онлайн арыз-шағым түсіре алады. «Қамқор» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ұйытқы болуымен жүзеге асырылды. Комитет қызметкерлерінің айтуынша, «Қамқордың» кәсіпкерлерге тигізер пайдасы орасан. Мәселен, мобильді қосымша арқылы тексеру жұмыстарының бәрін бақылап отыруға мүмкіндік бар. Бұл ‒ өз кезегінде негізсіз тексеріс жүргізуге жол бермейді.
Абай ОТАР, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді