«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Анам - қазақ, әкем - болгар

Анам - қазақ, әкем - болгар
ашық дереккөз
Анам - қазақ, әкем - болгар

Қазаққа жиен Кристиан Костов «Еуровидениенің» финалына шықты. Киевте «Еуровидение» байқауының екінші жартылай финалы өтті. Бұл кезең тікелей эфирде трансляцияланды. Қазақстандықтар бұл өнер додасын ерекше ықыласпен тамашалайды. Себебі, бұл сында қазаққа жиен болып келетін болгариялық Кристиан Костов та бақ сынап жатыр. Жас талант «Beautiful Mess» композициясын орындап, ақтық кезеңге жолдама алған болатын. Ол Мәскеуде дүниеге келген. Оның әкесі Константин – болгар, анасы Зәуре – қазақ. Зәуре 1985 жылы Мәскеудегі институтқа оқуға түсіп, оны аяқтағаннан кейін Ресейде қалады. Әншінің ата-анасы оның өнерге деген құлшынысына қолдау білдіріп, төрт жасында «Непоседы» танымал студиясына жібереді. Анасының айтуынша, Кристиан қазақ тілін жақсы түсінеді. Себебі, Зәуре Мәскеуде бизнеспен айналысып жүргенде, оны нағашы атасы мен әжесі тәрбиелепті. Журналистерге берген сұхбатында Костов өзінің әншілік қабілеті нағашы атасынан жұққанын айтқан болатын. «Менің нағашы атамның жасы 85-те. Отбасылық басқосуларда кейбір эстрада әншілерінен кем айтпайды. Оның даусын тыңдап отырып, өзімнің музыкалық қабілеттерімнің қайдан келгенін түсінемін», – деген болатын ол.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар