Денсаулық
Қазаққа жиен Костов «Евровидение» байқауының финалына шықты
- author «Ақ жол»
- 12 мамыр, 2017
- 193
Қазаққа жиен Костов «Евровидение» байқауының финалына шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазаққа жиен Кристиан Костов «Евровидениенің» финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Киевте «Евровидение» байқауының екінші жартылай финалы өтті. Бұл кезең тікелей эфирде трансляцияланды. Қазақстандықтар бүгінгі өнер додасын тағатсыздана күткені жасырын емес, себебі бұл сында қазаққа жиен болып келетін болгариялық Кристиан Костов та бақ сынап жатыр. Кристиан Костов «Beautiful Mess» композициясын орындап, ақтық кезеңге жолдама алды. Кристиан Костов Мәскеуде дүниеге келген. Оның әкесі Константин - болгар, анасы Зәуре - қазақ. Зәуре 1985 жылы Мәскеудегі институтқа оқуға түсіп, оны аяқтағаннан кейін Ресейде қалады. Әншінің ата-анасы оның өнерге деген құлшынысына қолдау білдіріп, төрт жасында «Непоседы» танымал студиясына жібереді. Анасының айтуынша, Кристиан қазақ тілін жақсы түсінеді. Себебі, Зәуре Мәскеуде бизнеспен айналысып жүргенде, оны нағашы атасы мен әжесі тәрбиелеген екен. Айта кетейік, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Костов өзінің әншілік қабілеті нағашы атасынан жұққанын айтқан болатын. «Менің нағашы атамның жасы 85-те. Отбасылық басқосуларда кейбір эстрада әншілерінен кем айтпайды. Оның дауысын тыңдап отырып, өзімнің музыкалық қабілеттерімнің қайдан келгенін түсінемін», - деген болатын ол.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді