Қазақстандық студент Швецияда беделді жүлдеге ие болды
Қазақстандық студент Швецияда беделді жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісінде жазды. "Тұңғыш рет Қазақстаннан келген студент Адина Хамитова шведтің Global Swede Award 2017 беделді жүлдесін иеленді. Отандасымызды бұл жүлдеге Швецияның ең ірі әрі Еуропадағы ең ірі медициналық университеттерінің бірі Каролин институты ұсынған. Ол академиялық жетістіктері мен халықаралық қатынастардың дамуы мен инновациясына үлес қосқаны үшін шетел студенттерінің ішінде үздік болды", - деп жазды Жайнақов. © facebook/Әнуар Жайнақов Оның мәліметінше, осыған байланысты арнайы салтанатты шара таяуда Швецияның Сыртқы істер министрлігінде өткен. Адина Хамитоваға Еуропа одағы және сауда істері жөніндегі министр Анна Линде жүлдені табыстаған. Адина Хамитованың Каролин университетінің магистратурасында "Денсаулық сақтау, саясат және менеджмен экономикасы" мамандығы бойынша 2015 жылдан бері оқып жатқаны белгілі.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




