EXPO-2017. Ең ірі жобаның ашылуына бір ай қалды
10 тамызда Астанада халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесі өз жұмысын бастайды. Көрме кешенінің құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталды. Tengrinews.kz тілшілері елдегі ең ірі жобаның ашылуға бір ай қалғандағы қалпымен танысты. Бес жыл бұрын 161 елдің өкілі жасырын дауыс беру арқылы 2017 жылы мамандандырылған көрмені Астанада өткізуді қолдаған. Кейінірек ұлттық компания көрме кешенінің жобасын таңдаумен айналысты. Соңында кешен орталығында сферасы бар жоба жеңіп шықты. Дәстүрлі түрде құрылыс нысаны көрме символы болып табылады. 1889 жылы көрмеде Париждегі Эйфель мұнарасы болды, ал 2017 жылы - ұлттық павильонның сферасы болмақшы. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ өкілдерінің айтуынша, осы конструкция күн сәулесінен қуат алып, оны электр қуатына айналдырады. Сфераның үстінде екі желайдағыш генераторлар орнатылады. Павильонның іші мамандандырылған көрме стилінде - футуристтік дизайн болады. "Бүгінде 20 нысанның 18-і аяқталды. Екі нысанда жұмыс жүріп жатыр - бұлар Конгресс-орталық пен қонақүй", - деді Ахметжан Есімов. "Бізге заманауи технологияларды көбірек пайдалану қажет, шет елден келетін көрме қонақтарына көрсетуіміз қажет", - деді Мемлекет басшысы. Қатысушы елдердің тулары ілініп тұрады. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ мәліметінше, халықаралық рейстермен 310 мың шетелдік азаматтар келеді. Көрме басталған уақытта министрлік қосымша рейстерді қосуды көздеп отыр. Польша, Венгрия, Финляндия және Қытайдан аптасына 11 рейс келіп тұрады. Түнгі уақытта сфераның түсі өзгереді. Кейінірек, ұйымдастырушылардың уәдесі бойынша, сфераның үстінде жарық шоулар ұйымдастырылады. Павильондардан бөлек, көрме аумағында ашық аспан астында конгрес-хол мен амфитеатр жұмыс істейді. EXPO-2017 көрмесін белгіленген күні көру үшін 4 мың теңге болады, ал демалыстарда - 6 мың. Мерзімі шексіз билеттер 8 мың тұрады. Билеттерді қайдан алуға болатынын және толық мағлұмат алу үшін мына жерді басыңыз.
ақпрат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




