Денсаулық
Ардагерлерге деген құрметіміз олардың ерлігіндей ұлы болуы тиіс - Назарбаев
- author «Ақ жол»
- 9 мамыр, 2017
- 559
Ардагерлерге деген құрметіміз олардың ерлігіндей ұлы болуы тиіс - Назарбаев
Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етіп, монументке гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Салтанатты шара соңында Елбасы "Студенттер" саябағындағы шатырлар қалашығына барды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында сөз сөйледі. © Akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлеріне алғыс айтып, құттықтауын жеткізді, сондай-ақ олардың жауға қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығын атап өтті. "Соғыс ардагерлері біздің бақытты өмірімізге, тәуелсіздігімізге және аспанымыздың ашық болуына жол ашты. Біз бүгін "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қойып, халқымыздың майдандағы және тылдағы қаһармандығы мен еңбегіне деген зор құрметімізді білдіреміз", - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихында ондаған миллион адамның өмірі қиылған ең қанқұйлы соғыс болғанын атап өтті. "Қаза тапқандардың қатарында қазақстандықтар да болды. Республикамыздың 6 миллион халқының 20 пайызы майданға аттанды. Олардың жартысы қайта оралған жоқ", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Жеңістің Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы тағдыршешті рөліне тоқталып, оған ел халқының бірлігі арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. "Біздің ардагерлерге деген құрметіміз олардың ерлігінен кем түспеуге тиіс. Жеңіске ең алдымен еліміздегі барлық халықтың бірлігінің, бауырмалдығының және достығының нәтижесінде қол жетті. Біз қазір де осы ұранмен өмір сүріп келеміз" - деді Қазақстан Президенті. Соңында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен тағы да құттықтап, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




