Денсаулық
Биыл алғаш рет несиенің мөлшерлемесі төмендетілді - Асқар Мырзахметов
- author «Ақ жол»
- 5 мамыр, 2017
- 478
Биыл алғаш рет несиенің мөлшерлемесі төмендетілді - Асқар Мырзахметов
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барып, жергілікті тауар өндірушілерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап. Жиын барысында отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы мен көктемгі егістік жұмыстары талқыланды. «Көктемнің кеш түсуіне қарамастан, егістік жұмыстары жақсы қарқынмен жүргізілуде. Ағымдағы жылы алғаш рет көктемгі-егістік дала жұмыстарын жүргізу үшін берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмендетілді. Түпкілікті тұтынушыға мөлшерлеме 6 пайыздан аспайды. Көктемгі егіс жұмыстары қысқа мерзімді атқарылатындықтан, аз уақытқа несие алушылар саны өсіп кетеді. Осы орайда несиені беру жұмысын жылдамдатқан маңызды. Сол себепті биыл бірінші рет «Аграрлық несие корпорациясы» тікелей шаруаларды қаржыландыруды бастады. Яғни, ортадағы көптеген сатылар қысқартылып, несие барынша қолжетімді болды», - дейді Мырзахметов. Бұдан өзге, жаңа бағдарлама аясында алғаш рет кепілсіз несие беріліп отыр. Ол үшін тауар өндірушілері кооперативтерге бірігуі тиіс. Ал кооперативтерге бірігу арқылы ауылдың экономикалық жағдайын көтерумен қатар, жұмыспен қамту, тұрғындардың қалаға көшуі сияқты әлеуметтік мәселелерін де шешуге мүмкіндік бар. Асқар Мырзахметов Алматы, Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының басшыларына мәселенің маңыздылығын тағы бір мәрте ескертіп, барлық мақсат-міндеттерді уақытында орындауды тапсырды. Оның айтуынша, жергілікті билік бұқара арасында түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп, жұмысты дұрыс үйлестіре білулері керек.
ақпрат көзі inform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




