Өскеменде автобус өртеніп, жүргізуші күйіп қалды
Өскеменде жол үстінде қоғамдық көлік өртеніп, көлік жүргізушісі күйіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға туралы куәгерлер айтып берді. "Біз КШТ аялдамасында тұрғанда автобустың өртеніп жатқанын көрдік. Басында автобус түтіндеді, бір кезде тоқтады, жолаушылар қоғамдық көліктен түсіп қалды. Өрт лезде шықты", - дейді оқиғаның куәгері Олег. Біздің порталдың оқырмандары оқиғаның видеосын бөлісті. ШҚО ІІД өкілдері қоғамдық көлікте шыққан өрт бірнеше сағат бұрын болғанын мәлімдеді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі аттанған. "Қоғамдық көлік тура жолдың бойында өртенген. Өрт аумағы шамамен 10 шаршы метр болды. Өртті сөндіру үшін біздің қызметкерлер оқиға орнына аттанды. Жолаушылардан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ автобустың жүргізушісі күйіп қалды. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны анықталып жатыр", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.
ақпрат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




