Денсаулық
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетуі тиіс - Тимур Кұлыбаев
- author «Ақ жол»
- 4 мамыр, 2017
- 500
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетуі тиіс - Тимур Кұлыбаев
АСТАНА.ҚазАқпарат - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық банкті базалық мөлшерлемені төмендетуге үндеді. Осының арқасында отандық кәсіпкерлер ЕАЭО аясындағы бәсекеге төтеп бере алады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап. «Біз өзіміздің Ұлттық банкімізді белсенді, тіпті аса белсенді болуға шақырамыз. Егер Ресейдің Орталық банкі базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға түсірсе, онда біз одан да төмен мөлшерлемені қоюымыз қажет. Қазақстандық кәсіпкерлерде бір басымдық болуы керек қой», - деді Құлыбаев Жамбыл облысында өткен кездесу кезінде. Айта кетейік, биыл 28 сәуірде РФ Орталық банкі базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Ал Қазақстанда базалық мөлшерлеме 11 пайызды құрап отыр. Бүгінде осы мөлшерлеменің көлемі халық алатын несиелердің мөлшерлемесіне де тікелей әсер етеді. Себебі екінші деңгейлі банктер Ұлттық банктің қаражатын базалық мөлшерлемемен қарызға алып отырады.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




