Астанада қызды зорламақ болған педофил ұсталды
Астанада қызды зорламақшы болған күдікті педофил ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Таяуда Whatsapp мессенджері арқылы бірнеше жұмысшылар тобының беліне дейін шешінген ер адамды "педофил" деп айтып, соққылар жсап жатқан видео тараған болатын. Видеода оқиғаның жаңа вокзал маңында болғаны айтылады. Құрылысшылар ер адамның қызды зорламақшы болған жерінен ұстап алған. Кейінірек ер адамды полицейлер ұстаған. "2011 жылы туылған кәмелет жасына толмаған қызды сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға әрекеттену дерегі қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабына сәйкес жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 48 жастағы күдікті бұрындары сотталған, қазіргі уақытта Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына жабылған", - деді Астана ІІД баспасөз қызметі. Астана ІІД өкілдері ұсталған адамның қызды Промышленный ықшамауданындағы үйінен алдап шығарғанын анықтаған. Оқиғаға куә болған сол маңда жұмыс істеп жүрген жұмысшылар осы жағдайды көріп, оны ұстап қалған.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




