Денсаулық
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
- author «Ақ жол»
- 4 мамыр, 2017
- 650
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер 2017 жылдың 4-6 мамырында елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап Синоптиктердің мәліметінше, мамыр айының ауа райы тұрақсыз. Егер 2 мамырда Шығыс Қазақстанда қар және кей жерлерде бұрқасын байқалса, алдағы үш тәулікте антициклонның әсерінен ауа температурасы 20…27 градусқа дейін жоғарлайды. "Еділден қайтадан Қазақстан аумақтарына суық атмосфералық фронттар жылжиды. Олардың батыстан шығысқа қарай жылжуына байланысты, республикамыздың көптеген облыстарында жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде бұршақ және температураның төмендеуі күтіледі, тек Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтарында ауа-райы жауын-шашынсыз. Бұл өңірлерде ауа температурасы әзірге жоғарлайтын болады", - деп хабарлады мамандар.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




