Әлеумет
Отан үшін от кешкендер соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді
- author «Ақ жол»
- 4 мамыр, 2017
- 504
Отан үшін от кешкендер соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Биыл Ұлы Жеңіске 72 жыл толып отыр. Бүгінде облысымызда барлығы 135 соғыс ардагері бар. Оның 68-і Тараз қаласының тұрғыны. Майдан даласында Отан қорғап от кешкен жауынгер-ардагерлер бүгінгі бейбіт күнімізге, тәуелсіз еліміздің әрбір жетістіктеріне шүкір айтып, жас ұрпақты осындай мамыражай тыныш күннің қадірін білуге шақырудан талған емес.
Жеңіс күні және Ардагерлер кеңесінің 30 жылдығына орай Тараз қаласындағы «Атшабар» скверінде орналасқан «Данқ» мемориалы алдында «Ол күндердің өшпес даңқы» атты патриоттық акциясы өтті. Оған қарт майдангерлер, тыл еңбеккерлері және белсенді жастар қатысты.
Алдымен ардагерлер ескерткішке гүл қойып, қаза болған майдангерлердің рухына тағзым етіп, еске алды. Жиналғандарды Жеңіс мерекесімен құттықтаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев ардагерлердің ерлігіне құрмет білдіріп, олардың ел мен жер үшін, болашақ ұрпақ үшін соғыс даласындағы бейнетті күндерін атап өтіп, бүгінгі ұрпақ атынан алғыс айтты. Жеңісті жақындатуға жамбылдық жауынгерлердің де ерекше үлесі болғанын тілге тиек етті.
Одан соң балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, жиналғандарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Соғыс ардагері Нигмат Ахматов өзінің майдан естеліктерімен бөлісті. ТарМУ-дың студенті Берекет Қосбергенов барша жастардың ыстық ықыласын жеткізді. Шара барысы соғыс, жеңіс, бейбітшілік жайлы әсерлі әндермен көмкеріліп отырды
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
.Суретті түсірген
Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




