Жазмыштың... өтініші
Құз жартастың басына шығып, жан-жағындағы ғажайып көріністерді тамашалап отырған қойшы бала, өз әрекетінен өзі жалықты ма кім білсін, көп ұзамай терең ұйқыға батты. Осы кезде сол маңайдан өтіп бара жатқан Жазмыш баланы көрді де, түртіп оятты. Сосын жәй ғана:
– Оян, құлыным, ұйқылы-ояу домалап кетсең, мына құздың түбінен бір-ақ шығасың. Абай бол. Егер Сен осы жерден құлап, өліп қалсаң «Бұл Жазмыштың ісі ғой» деп менен көреді. Бірақ, сенің құзға өзің шығып, мына жардың шетіне өзің ұйықтап қалғаныңа менің түк те қатысым жоқ екенін қайдан білсін. Айтып бар, адамдар алаңғасарлықтарын менен көрмей, өздерінен көрсін.
Азамат ТАЛАСИ.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




