Жанғазы АХМЕТ, ақын.
Серті бар сақтауға бар ұлттың бірлігін, Сүйсінер Алашқа күллі әлем, құрлығым. Татулық тұрағы – елімнің біз кеше, Тап-таза тілекпен түргенбіз түндігін.
Жалғанда ынтымақ – ырысым, құнды ұғым, Тағы бір қуаныш жан тербеп тұр бүгін. Бірліктің жыршысы, жақсылық жаршысы, «Ақ жолым», құт болсын, тоқсан бес жылдығың!
Тойланса қос шаттық, салтанат құрамыз. Бірлік бұл біз үшін ең құнды мұрамыз. Тарихта табы бар ешқашан өшпейтін, «Ақ жолдың» әр саны – өнеге ұлы аңыз. Жылдардың жүзіндей өр үні сақталған, Сарғайған беттерің тарих боп қатталған. Өзіңде тұтанған сан талант алауы, Тым асқақ мұрат пен балдайын тәтті арман.
Қазаққа біткен соң даладай кең жүрек, Достықтың көк туы көгімде желбіреп... Тәуелсіз еліме «Ақ жол!» деп, қол бұлғап, Тұрғандай әлемнің жүрегі елжіреп.
Сан ұлттың, ұлыстың ұйытар ырысын, «Ақ жолым» – ақынның ақжарма сырысың. Елдіктің, ерліктің дауылпаз жырысың, Егемен елімнің жарқын бір үнісің!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




