Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтауы
Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке әрқайсымыз үшін ерекше қымбат. Ол біздің миллиондаған отандастарымыздың жүрегінен жол тапты, халқымыздың тамаша рухани дәстүріне айналды. Бұл – көктем мен еңбектің, татулық пен ынтымақтың шынайы мерекесі. Халқымызда «Бірлік жоқ жерде – тірлік жоқ» деген қанатты сөз бар. Қоғамның тұтастығы қай кезде де ішкі татулығына байланысты. Берекенің бастауы – бірлікте. Көп ұлтты халқымыздың достығының арқасында мемлекетіміз өркендеп, дамудың даңғыл жолына түсті. Еліміз әлеуметтік-экономикалық, рухани даму жолында зор табыстарға қол жеткізді. Мәңгілік Ел болу мұратын таңдаған мемлекетімізді бүгінде әлем таниды. Осылайша біз азаматтық татулық пен этносаралық өзара келісімнің озық үлгісін паш еттік. Елбасы бастамасымен әлемде баламасы жоқ институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының іргетасы қаланды. Бүгінде бұл қоғамдық ұйым – барша ұлт пен ұлыстың ұйытқысы болып отыр. Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Ассамблея тарихы – ол тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі екенін атап өтті. Бірліктің киелі бесігі, елді ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірегей тетігі деп баға берді. Жамбыл жерін мекен еткен ынтымағы жарасқан сексеннен астам этнос өкілдері ортақ Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығын нығайтуға атсалысуда. Экономиканың барлық саласында елеулі еңбектің үлгісін көрсетуде. Бұл – туған елге деген сүйіспеншіліктің, ақжарма көңіл, ақ тілеудің белгісі. Қадірлі жерлестер! Халқымызды татулық пен мейірімділікке жетелеген осынау мерейлі күні баршаңызға қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Бірлік мерекесі құтты болсын!
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді