Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активінің жиналысы өтті. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жиналғандарға аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Талас ауданы әкімінің қызметіне Болат Қанатбайұлы Рысмендиевтің тағайындалғанын жария етті.
– Болат Қанатбайұлы, Жамбыл облысының бірқатар аудандарында басшылық қызмет атқарған азамат, – деді ол. Әсіресе, ауылшаруашылығы саласын жетік біледі. Осы жиынды пайдалана отырып, оған нақты тапсырмалар берсем деймін. Атап айтқанда, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы және осы Жолдауға байланысты Үкіметтің кеңейтілген мәжілісіндегі нақты тапсырмаларды орындауға күш салу қажет. Оның ең бастылары: халықтың әл-ауқатын нығайту, экономиканы дамыту, индустриялық-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Моноқалалардың инфрақұрылымын қайта жаңғырту жөніндегі бағдарламаға сәйкес Қаратау қаласындағы қолға алынған жұмыстарды әрі қарай сапалы түрде жалғастыру керек. Ауылшаруашылығы саласында қордаланған мәселелер де жеткілікті. Ең алдымен, мал тұқымын асылдандыру, шаруа қожалықтарын ірілендіру және оның шикізатын өңдейтін өндірістерді дамытуға басым бағыт беру керек деп есептеймін. Аймақ басшысы ауданның тарихы бай, бір өзінен 59 Еңбек Ері мен 2 Кеңес Одағының Батыры шыққан, қасиетті өлке екенін еске салды. «Бұл ауданның халқы ауызбірлікті, еңбекқор. Сол бай әлеуетті тиімді пайдаланып, ауданның экономикасы мен әлеуметтік саласын жаңа сатыға көтеруге Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз, білігіңіз жетеді деп сенемін», деді облыс әкімі. Өз кезегінде Б.Рысмендиев киелі де қазыналы ауданды басқаруды сеніп тапсырғаны үшін облыс әкіміне рахметін айтып, Талас ауданын бұрыннан білетіндігін, аудандық мәслихат депутаттарының және сала басшыларының қолдауымен бар күш-жігерін халық үшін аянбай еңбек етуге жұмсайтынына сендірді. Активте ауданның Құрметті азаматтары Ж.Тәукебаев, Т.Сейдуанов, облыстық мәслихаттың депутаты А.Бектай шығып сөйлеп, жаңадан тағайындалған аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді