«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Табысының 1 пайызын ғылымға береді

Табысының 1 пайызын ғылымға береді
Үкімет
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен осы аптада өткен Үкімет отырысында жаңа Конституцияда еліміздің даму болашағын айқындайтын аса маңызды стратегиялық бағдар ретінде бекітілген инновацияларды дамыту мәселесі қаралды. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.

– Ғылым мен инновацияны дамыту жаңа Конституцияда мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп танылды. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында инновациялар еліміздің теңдессіз басымдықтары ретінде айқындалғанын атап өтті. Экономика салаларындағы жетістіктер мен табыстардың дені инновациялық дамудың ауқымы мен қарқынына тікелей байланысты. Инновациялар еңбек өнімділігін арттыруға және жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға негіз болады, – деді Олжас Бектенов.

Президент тапсырмасымен соңғы жылдарда республикалық бюджеттен ғылымға бөлінетін қаржы алты есе өскен. Мемлекет ғылым мен инновацияны дамыту үшін қолайлы жағдай жасап жатыр. Мәселен, елімізде осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ғылыми әзірлемелерге салынатын жеке инвестицияларды ынталандыру үшін шығыстардың 300 пайызына дейін елеулі салық жеңілдіктері қаралған. Бюджет кодексінде жер қойнауын пайда ланушылардың кен өндіруге жұмсалатын  шығыстарының 1 пайызын ғылым мен инновациялық технологияларды дамыту үшін бюджетке тікелей жіберу міндеті бекітілді. Инновацияларды венчурлік қаржыландыру  құралдары кеңейіп, технологиялық брокерлік пен бизнес-акселерацияны қолдау шаралары күшейтілді. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру үшін түрлі қаржы құралдары енгізілуде. Коммерцияландыру жобаларын  гранттық қаржыландыру  аясында бизнестің ең төменгі қосымша қаржыландыру үлесі айқындалды. Ол жалпы грант сомасының кемінде 25 пайызын құрауы тиіс. Елімізде өңірлік ғылымды дамыту үшін құқықтық және бюджеттік база құрылды. Ғылыми жетістіктер көрсеткіші аймақтарды дамыту жоспарларына енгізілді.Премьер-министр оны   облыстармен қатар әкімдердің де рейтингтеріне қосуды тапсырды. Үкімет басшысы сондай-ақ жуырда қабылданған Ғылымды шоғырландыру аумақтарын құру тұжырымдамасы технологиялар мен инновациялардың дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Олардың қатарында Курчатовтағы ғылыми қалашық, Алматыдағы Ядролық физика институты мен Астанадағы Назарбаев университеті базасындағы екі технологиялық парк бар.

Үкімет отырысында барлық әкімдіктерге әр облыстың нақты салалық ерекшеліктерін ескере отырып, өңірлік инновациялық жүйелердің қалыптасуы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету тапсырылды. Салаға инвестицияны еселеп арттыру, соның ішінде жеке кәсіпорындар мен отандық бизнестің есебінен жүзеге асыруды қолға алып, инновация субьектілерді арасындағы ұзақ мерзімді байланыстарды дамытуға баса назар аудару қажет. Өңір әкімдіктеріне ғылым мен инновацияларды қаржыландыруды кезең-кезеңмен ұлғайтып, оны 2029 жылға қарай жалпы өңірлік өнімнің кемінде 1 пайызына жеткізу тапсырылды. Бұдан бөлек, 2035 жылға қарай инновациялық өнімдердің үлесін жалпы ішкі өнімнің 3 пайызына дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет. Ол үшін инновация саласында бірқатар жүйелі мәселелерді шешу керек. Атап айтқанда, соңғы жылдары бұл сала институционалдық жүйесіздік жағдайында дамып келді, өңірлер тарапынан өз бетінше жұмыс жүргізілмегені көрініп отыр. Сондай-ақ инновациялық жүйеге қатысушылар арасында басымдықтардың тым көп екендігі де байқалады. Өнеркәсіптік кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар мен салалық министрліктер даму бағыттарын әрқайсысы өз алдына айқындайды. Жалпы мемлекеттік деңгейде біртұтас нақты бағыт жоқ. Бұл жұмыстың тиімділігін төмендетеді. Мысалы, қолданбалы ғылымға бөлінетін мемлекеттік қаржыландыру көлемін өсіру оның тиімділігін жақсартпайды.

– Қолданбалы зерттеулер мен экономикалық үдерістерді жүйелі түрде сабақтастыру, өндірісті оқшаулау мен жаңғыртуды ынталандыру, экспортқа бағдарланған технологияларды дамыту қажет. Бізге жекелеген идеялар мен тәсілдер емес, инновациялардың өнеркәсіптік әлеуетті дамытуға нақты үлес қосқаны қажет, – деген Үкімет басшысы салалық ведомстволар мен мемлекеттік органдарға бірқат ар тапсырма берді.

Мәселен, Ғылым министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, үш күндік мерзімде саланы ведомсто аралық  үйлестіру және технологиялық басымдықтарды әзірлеу үшін Үкімет жанынан инновациялық штаб құру тапсырылды. Штаб бастапқы идеядан өнім шығаруға дейінгі өндірістік кезең бойына инновациялық экожүйенің барлық қатысушыларының күшін жұмылдыруды қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін ынталандыру үшін осы жылдың 1 маусымына дейін барлық өндіріс орындарының инновациялық қызметі мен технологиялық даму жағдайына кешенді түрде түгендеу жүргізу керек.

Сондай-ақ Ғылым министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 маусымына дейін нақты басым салалар мен технологияларға назар аудара отырып , Инновацияларды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды. Ғылым және Жасанды интеллект министрліктері салалық министрліктермен  және әкімдіктермен бірлесіп, 1 шілдеге дейін инновациялық жобаларды тіркеп, қолдау көрсетуге және мониторинг жүргізуге арналған «бірыңғай терезе» жұмысын қамтамасыз ететін цифрлық платформаны іске қосуы тиіс. Сонымен қатар әзірлеушілер, технологиялар және әлеуетті инвесторлар туралы мәліметтерді қамтитын инновациялық  жобаларлың жалпыға қолжетімді ұлттық тізілімін құру қажет.

Ұқсас жаңалықтар