«Naad» брендінің негізін қалаушылар келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру және көшпенділер мәдениетін бүкіл әлемге паш ету мақсатын көздейтін бұл жобаға үш жыл бойы зерттеу жүргізіп, осы айдың басында ғана алғашқы өнімдерін шығарған. Пластиктен жасалған құрастырмалы ойыншықтар MiMo деген атаумен шығарылуда.
MiMo – бұл киіз үйдің 11 есе кішірейтілген нұсқасы. Салмағы 1 кг жуық (900 грамм) ойыншық жалпы 225 элементтен тұрады. Ал, ойыншықтың қорапшасы халықаралық стандартқа да сәйкес келеді.
"Моңғолияға келген әрбір шетелдік турист киіз үйге кіріп көргісі, тамашалағысы келетіні жасырын емес. Оларды көбіне киіз үйдің жалпы құрылысы және тұрмысқа икемділігі қызықтырады. Сол себепті біз туристерге және келер ұрпаққа арнап ойыншық-конструктор құрастыруды қолға алдық. Біздің негізгі мақсатымыз – ойыншықтарды сатып пайда табу емес, көшпенділер мәдениетін әлемге таныту”, – дейді «Naad» брендінің негізін салушы Саиханбаяр.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




