«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам...»

«Қараңғы қазақ көгіне  өрмелеп шығып күн болам...»
ашық дереккөз
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам...»

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары насихатталды

Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам...» атты әдеби кеш өтті. Аудан кітапханашыларымен онлайн жүйесінде өткен шара Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. Әдеби шара Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау мақсатында өтті. – Еліміз бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясының бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай арттыруына мүмкіндік туғызады. Ең алғашқы рет ұлы ақын Абайдың «Қара сөзінен» бастау алса, биыл «Жыл кітабы» болып Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдап алынды. Ақынның кез келген өлеңін алып қарайтын болсақ, әрбір жасқа, Отаным деген азаматқа үлкен әсер береді. Ол бар болғаны 27 жыл ғана ғұмыр кешсе де, ұлт әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты, – деді кітапхананың директоры Эльмира Әбдінова. Сондай-ақ, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандарымен онлайн байланысқа шықты. Аудан кітапханашылары мен оқырмандары ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Фариза АЙТБЕК, «Ақ жол».

Тараз.

Ұқсас жаңалықтар