«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Велосипедпен жүру рак қаупін екі есе азайтады

Велосипедпен жүру рак қаупін екі есе азайтады
ашық дереккөз
Велосипедпен жүру рак қаупін екі есе азайтады

Ғалымдар велосипедпен жүру рак пен жүрек аурулары қаупін екі есе азайтатынын анықтады. Бес жылға созылған зерттеуге 250 мың британдық, олардың ішінде рак диагнозы қойылған 3748, жүрегі ауыратын 1110 адам қатысқан.

5 жыл ішінде олардың 2430-ы қайтыс болған. Зерттеу нәтижесінде велосипедпен жүру өлім қаупін ракпен ауыратындарда 45%-ға, жүрегі ауыратындарда 46%-ға азайтқан. Басқа жағдайда бұл көрсеткіш 41%-ды құрайды. Зерттеуге қатысушылар велосипедпен аптасына орташа есеппен 48 км жүрген. Бірақ көп жүрген сайын, денсаулық та жақсара берген. «Бұл зерттеу велосипедтің адам денсаулығына пайдасын көрсетті.
Сондықтан веложолдарды көбейту керек», дейді зерттеуші докторлардың бірі Джейсон Гилл. Ғалымдардың айтуынша, аптасына орташа есеппен 9-10 км жаяу жүру жүрек аурулары қаупін азайтады. Бірақ мамандар жаяу жүргеннен гөрі велосипедтің тиімді екенін айтады. Cancer Research UK өкілінің айтуынша, велосипедпен жүру арқылы спорт залға бармай-ақ денсаулықты нығайтуға болады. Тек оны күнделікті тұрмыстың бір бөлігіне айналдыру керек. Мысалы, жұмысқа велосипедпен барып келуге болады.

Ұқсас жаңалықтар