Назарбаев: Қыздардың қара киім киіп, еркектердің сақал өсіруіне тыйым салынсын
- author «Ақ жол»
- 21 сәуір, 2017
- 237
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастардың сақал өсіріп, қыздардың қара киім киіп, беті-аузын тұмшалауына заңмен тыйым салуды ұсынды.
Бұл туралы Назарбаев Мұсылмандар діни басқармасы өкілдерімен кездесуінде айтты, деген президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Орталық Азия хабар қызметі" жазды. "Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді", – деп мәлімдеді президент Назарбаев. Мемлекет басшысы цифрлық технологиялар дамыған дәуірде Қазақстан өзінің ұлттық құндылықтарын, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға тиіс екенін айтты. Қажет болса, мемлекет Қазақстан мұсылмандар діни басқармасын қолдауға әзір, деді Назарбаев. Елбасы Қазақстан мұсылмандары дәстүрлі түрде ханафи мазхабын ұстанатынын, исламның осы бағытының негізін түсіндіруге машықтанған мамандар даярлау қажеттігін атап өтті. Қазақстан билігі соңғы жылдары елде исламның ваххабизм және салафизм секілді басқа да тармақтарының ықпалы күшейгеніне алаңдаушылық білдіріп келеді.
ақпарат көзі: qazaqtimes.com
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді