«ҚР мәдениет және спорт министрі аппаратының кеңесі кезінде ұжымға жаңа вице-министр Асқар Баталов таныстырылды. Ол туризм саласын дамыту мәселелері мен қоғамдық-саяси жұмыстарға жетекшілік ететін болады», - деп жазды Facebook-тегі парақшасында Туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғали.
Асқар Болатұлы Баталов 1964 жылы 19 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
Алматы сәулет-құрылыс институтын, Мәскеу менеджмент академиясын тәмамдаған.
1994-1997 жылдары - «Райымбек» фирмасының вице-президенті.
1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас менеджері.
1998-2005 жылдары - «Қазинвест» қазақстандық инвестицияға жәрдемдесу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, «Қазинвест» жабық акционерлік қоғамының президенті.
2005 жылы ҚР Индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды.
2007 жылдан - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы.
2009 жылдан бастап - жеке бизнесте.
Сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссиясының көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры қызметін атқарды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




