Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының дамуы және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөнінде кеңес өткізген болатын. Кеңес барасында Елбасы бас қаладағы өзекті проблемалардың бірі – баспана мәселесіне тоқталды.
«Мемлекеттік қордан пәтер алуға кезекке тұрғандар саны артып келеді. Қандай мемлекеттік қор? Біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Германия, Италия, Америкада мемлекеттік қорға кезекті көрдіңіздер ме? Ешкім бұл мәселемен айналыспайды. Тегін енді ештеңе жоқ. Біз нарықтық жағдайда өмір сүріп жатырмыз ғой», - деді ол.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы үй кезегінде неге соншалықты көп азаматтың тұратындығын айтты.
«Бұл кезектер ең алдымен тіркеу мәселесімен байланысты. Кейбір жерлерде ондаған, тіпті жүздеген азаматтар тіркеледі. Мысалы, Оңтүстік Шығыс ауданындағы жер үйлердің бірінде 1700-ден астам адам тіркелген. Астанада осындай «резеңке» пәтерлер көп. Олардың бұл үйде тұрмайтыны анық қой, тек тіркелді, енді елордадан үй алуға негіз бар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кейін Президент пәтерлерді алдымен әлеуметтік әлжуаз топтағы азаматтарға және мемлекеттік қызметкерлерге беру қажеттігін айтты.
«Әлеуметтік әлжуаз санатына жататын адамдар жалдамалы пәтер алсын, біртіндеп төлеп, кейін сатып алады. Қалған кезекте тұрған 40 мың мемлекеттік қызметші бағдарламамен алсын. Біз оларға жалақы төлеп отырмыз. Тұрғын үй құрылыс жинағы, кредит, ипотека бар. Біз басқа дәуірге аяқ бастық, бірақ бір аяғымен әлі артта тұрмыз. Адамдарды масылдыққа үйретіп жатырмыз. Осылай, басқа жақтан келіп, мың адам бір бөлмеге тіркеліп, пәтер алады. Бір ай бұрын алыстан елордаға келген адамға пәтер беріледі де, ал Астанада бұрыннан тұрып, жұмыс істеп жатқан тұрғындар пәтер ала алмай жүр», - деп түйіндеді сөзін Елбасы.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді