Америкада Lanmodo стартапы көп функционалды All-in-One Wireless Automatic Car Tent құрылғысын таныстырды. Жоба қазір краудфандинг сатысында. Бір сөзбен айтқанда, бұл автомобильге арналған шатыр болып табылады, сонымен қатар оны проекторға арналған экран ретінде пайдалануға болады.
Құрылғы көліктің үстіне үлкен ауа сорғыш құралдардың көмегімен орнатылады, сонымен қатар оны есікке қыстырып қоюға немесе айналардың корпусы мен есік тұтқаларына іле салуға болатын бекіту таспалары да қарастырылған.
Автоматты ашылып-жабылатын (қашықтықтан басқарылатын пульттің көмегімен) шатырдың конструкциясы көліктің шанағына жанаспайтын биіктікте орнатылған.
Шатырдың автомобильден бөлек пайдалану мақсатында оған қосымша жерге орнату элементі енгізіліп отыр. Осылайша, жауынды күндері табиғат аясында демалуға шыққанда ол оп-оңай жағажай шатырына немесе жаппаға айналады.
Сонымен қатар, All-in-One Wireless Automatic Car Tent толық жинағын сатып алған жағдайда клиент қосымша бонус ретінде құрылғыны үлкен шатырға айналдыратын қосымша материалға қол жеткізетді. Шатырды жерге орнатуға арналған бағандарға жарық және басқа да аспаптарға арналған зарядтау құрылғыларын орнату көзделуде.
Шатырдың тағы бір қасиеті – оны проекторға арналған экран ретінде пайдалануға да болады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




