Кездесу барысында Елбасы таяуда отандық БАҚ-та жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының кейбір бағыты мен басымдықтарына тоқталды.
«Мақаланың басындағы бір бөлім бәсекеге қабілеттілік жөнінде айтылады. Бұл – өте күрделі, өзекті мәселе. Мемлекет, халық, әр адам бәсекеге сай болуы керек. Біз тек қана Қазақстан азаматтарын ғана емес, бүкіл адамзатты тәрбиелеп жатырмыз. Біздің балаларымыздың бармайтын жері жоқ. Басқа жерден жақсы жұмыс тауып, жақсы жалақы алатын болса, неге істемеске? Істесін! Америкада, Ресейде, Еуропада еңбектеніп жатқан қазақтың балалары бар. Жұмысын істеген соң келеді. Сондықтан бәсекеге қабілетті болу әр жастың, әр адамның ойында жүруі керек», - деді ол.
Сонымен қатар, Президент қазақ елінің азаматтары өркениеттен қалмау үшін қосымша білім маңызды екенін атап өтті.
«Компьютер мен ағылшын тілін білуі керек. Сондай-ақ, жаңалықты қабылдауға санасы ашық болуы қажет. Бәсекеге қабілетті болуы үшін денсаулығы, мәдениеті болуы шарт», - деді Елбасы.
Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев студенттер үшін сапалы оқулықтар қажет екеніне тоқталды.
«Сондықтан 100 оқулықты аударсақ. Жоғары оқу орындарында мәдениеттану, тарихтану, философия, психология жағынан оқулықтар жоқтың қасы. Бұл сана-сезімнің көкжиегін әлемдік деңгейге көтеру үшін қажет. Осының барлығын қазақтың бәсекеге қабілетті болуы үшін жасауымыз керек», - деді ол.
Сондай-ақ, Елбасы еліміздің ішкі және сыртқы саясаты туралы да айта кетті.
«Әрине, мен қазағымның болашағын да ойлаймын. Біріншіден, үлкен империялардың ортасында отырмыз. Оңтүстік жағымызда мұсылман елдері. Шығыстағы Ұлы елдің саясаты түбінде қалай болады? Солтүстіктегі көршіміздің саясаты қалай болмақ? Біз ішкі және сыртқы татулықтың арқасында осындай дәрежеге жетіп отырмыз. Ішінде бүліктен бүлік, төңкерістен төңкеріс болып жатқан ел оңбайды да, жетіспейді де. Бізді болашаққа жеткізетін – бірлік», - деп түйіндеді ойын ҚР Президенті.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді