Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылы бар. Бурыл ауылымен (бұрынғы Ровное) бір округ. Бірақ Құмжота өз алдына үлкен ауыл. Сол ауылдың дәл ортасынан мешіт саламыз деп талпынған ағайынның көңілі су сепкендей басылып отыр. Бір емес, екі жер телімі (участок) тұр. Ауылдың жанашыр азаматтары жиналып, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасына өтініш жолдап, имамдардан өз деңгейінде қолдау таптық. Бірақ, аудан басшылары ауылдың ортасынан мешіт салуға болмайды дейді. Өйткені, Бас жоспарда көрсетілмепті. Ғибадат үйі – жаңа құрылыс учаскесінде белгіленген екен. Ал ол жаққа үйлер салынып болғанша шамамен 2030 жыл болып қалады. Кейбір адамдар дүкен саламыз деп рұқсат алып, құрылысын бастай беріңдер, кейін жер иесі онысын мешітке тапсырамын десе, құжаттарды реттеуге болады, дейді. Дегенмен, ондай заңсыз қадамға баруға батылымыз жетпейді. Бұл жердегі түйін – ауылдың Бас жоспарындағы мәселеде болып тұр. Оны өзгерту соншалықты қиын дүние ме? Айтайын дегенім, мешіт салсақ деген тілегіміз орындалса.
Мақсат Бегілдаев.
Құмжота ауылы, Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Кітапханашының қызметі кітап берумен ғана бітпейді
- 28 сәуір, 2026
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




