Жамбыл облысында әріптестерінің көзінше парақор полицейге үкім шығарылды
- author «Ақ жол»
- 19 сәуір, 2017
- 222
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қордай аудандық сотында Қордай АІІБ-нің полиция қызметкерлері, судьялыққа кандидаттар, сот кеңсесінің қызметкерлері және БАҚ-ның өкілдерінің қатысуымен Қордай АІІБ-нің полиция қызметкері А.Н.-ге қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Іс құжаттарынан анықталғандай, Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының 2016 жылғы 13 қаңтардағы қаулысымен Қырғыз Республикасының азаматшасы К. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің» 517-бабының 2-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарылу түріндегі жазаға тартылған. Осыған байланысты К. сот қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бес күн ішінде Қазақстан Республикасының шегінен шығып кетуі тиіс болатын, алайда құқық бұзушы соттың шешімін орындамай, Қазақстан Республикасының аумағында қала берген. 2017 жылғы 28 ақпанда оны ҚР ҰҚК ШҚ 2038 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Жамбыл облысы Қордай ауданының «Қарасу» өткізу пунктінде Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасының аумағына қарай мемлекеттік шекараны кесіп өтпекші болғанда, құжат тексеру кезінде ұсталған. К-ға қатысты қылмыстық іс 01.03.2017 жылы А.Н-нің өндірісіне қабылданды. 2017 жылдың наурыз айының 7 күні А.Н. мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлға бола тұра, қылмыстық істің өндірісін қысқарту үшін одан 1000 доллар пара алғаны анықталған. Жамбыл облысының Қордай аудандық соты А.Н.-ді Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігінде (пара алу) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, сотталушыны мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырумен және қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен қатар, оған 3 (үш) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді. Сотталған А.Н-ге қолданған кепіл бас шарасы өзгертіліп, сот залынан қамауға алынды. Сотталушы А.Н. «полиция капитаны» арнайы шенінен айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Үкім жарияланған кейін БАҚ-ң өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.
ақпрат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді