«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
ашық дереккөз
ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2017 жылғы 19 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады. 19 СӘУІР, СӘРСЕНБІ   Қазақстанда ұлттық орман егу күні Бүкілқазақстандық экологиялық акция «Тұрақты даму» Жер қорының бастамасымен алғаш рет 2014 жылдың 19 сәуірінде өтті. Оның мақсаты - ормандарды сақтап, қалпына келтіру, қалаларды жасыл желекпен көркейту, орман байлығын сақтап, көбейту ісіне қоғамның қызығушылығын арттыру,  Қазақстан ормандарын қалпына келтіру жобаларына ресурстар тарту. Қытайда батпырауықтар ұшыру күні Қытайдың Вэйфань қаласында әлемнің 60 елінен жүз мыңнан астам true case for euthanasia paperwork адамның қатысуымен халықаралық батпырауықтар фестивалі өтеді. Алғашқы фестиваль 1984 жылы өткізілді. Содан бері бұл шоу жыл сайын сәуір айының ортасында үш күн бойы ұйымдастырылады. Плайя-Хирондағы (Куба) жеңістің жылдығы Куба көтерілісінің жеңісінен кейін (1953-1959) АҚШ Батыстағы алғашқы социалистік көтерілісті тұншықтыру үшін барлық саяси, экономикалық және әскери құралдарды пайдалануға тырысты. Сәуірдің 19-ында американдық контрреволюционерлер толығымен талқандалды. АҚШ басына маңызды саяси залал келтіріліп, халықаралық аренада оқшау қалды, ал Куба біржолата социалистік даму жолын таңдады. Бразилияда үндістер күні Мерекені Бразилия президенті Жетулиу Варгас 1943 жылы ресми белгіледі. Бразилияда америкааралық үндіс конгресінің бір жылдығына орай атап өтіледі. Ол Мехикода 1940 жылы 19 сәуірде ашылған.   Венесуэла тәуелсіздігі үшін қозғалыстың басталған күні 1810 жылы 19 сәуірде Каракаста үкімкеттің кеңейтілген муниципалды отырысы испан губернаторы Винсенте Эмпаранды тақтан құлатып, билікті өз қолына алады. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 282 жыл бұрын (1735) Орынбор қаласының негізі қаланды. Қала 1920-1925 жылдары Қазақстанның астанасы болды. 96 жыл бұрын (1921) Қазақ КСР-інің Халық комиссарлары кеңесі кітапхана ісін орталықтандыру туралы декрет қабылдады. 56 жыл бұрын (1960) Бұқтырма су қоймасын толтыру басталды. 24 жыл бұрын (1993) «Эфир» телекомпаниясы алғаш рет «Акмолинские вести» телебағдарламасын шығарды. 24 жыл бұрын (1993) Алматыдан түріктің Трабзон қаласына алғаш әуе рейсі жасалды. «Азамат» компаниясының бортында 120 турисі бар «Ту-154м» әуе кемесі 5 сағат ұшып Трабзон қаласының әуежайына қонды. Бұл сапарды «Қазақстан серігі» және «Качкар Тур» туристік фирмалары ұйымдастырды. 21 жыл бұрын (1996) Алматыда Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанова тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.  12 жыл бұрын (2005) Өскеменде Қазақстандағы бірінші экологиялық мұражай ашылды. 12 жыл бұрын (2005) Иракта қаза болған Қазақстанның жауынгер-бітімгерші капитан Қайрат Құдабаевқа (1975-2005) арналған Алматы облысының Қапшағай қаласында оған өзі қызмет еткен бөлімнің жанына ескерткіш тас орнатылды. Ескерткіш тасты дайындауға және орнатуға қаражатты десант-шабуыл жасаушы бригадасының әскери қызметкерлері жинады. 11 жыл бұрын (2006) Ұлыбританияда Азия елдері мен мәдениетін, Азия халықтарының тарихы мен салт-дәстүрлерін насихаттаумен айналысатын британиялық беделді Asia House ұйымы Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі Қырым Алтынбеков жұмыстарының таныстырылымын өткізді. Қ.Алтынбеков сақ мәдениетінің мыңдаған ескерткіштерін, оның ішінде әлемге әйгілі «Алтын адам», «Сармат көсемі» сияқты бірегей жәдігерлерді қалпына келтіріп жаңғыртқан өз ісінің хас шебері. Asia House-де британиялық ғылыми және мәдениеттану ортасы өкілдерінің назарына Қырым Алтынбеков Қазақстан аумағындағы архелогиялық қазбалардың нәтижесінде табылып жаңғыртылған көне замандағы алтын мен күмістен соғылған зергерлік бұйымдар ұсынған. 10 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениетаралық диалог орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мәдениетаралық диалог орталығының жобасы БҰҰ-мен жариялаған «Әлем балалары мен жастар мүддесіндегі әлем мәдениеті» (2001-2010 жж.) Халықаралық онжылдық аясында және жастарды ұлтаралық және мәдениетаралық сезіммен тәрбиелеуге толықтай сәйкес келеді. 10 жыл бұрын (2007) Қарағандыда «ЕурАзЭҚ іскерлік кеңесі» қауымдастығы өкілдігі ашылды. Қауымдастық Еуразиялық экономикалық қоғамдастық ауқымында қызмет істейді. 7 жыл бұрын (2010) Түркияның маңызды экономикалық және мәдени аймағы болып табылатын Конья провинциясында Қазақстанның Құрметті консулдығы салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шарада сөйлеген Түркия сыртқы істер министрі А. Давутоглу осы аймақта да, бүкіл әлемдік аренада да біздің еліміз беделінің өсе түскенін атап көрсетіп, идеялық дем берушісі Елбасы Н. Назарбаев болып табылатын мемлекеттің дәл қазір түркі халықтары бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарып отырғанын айтты. Түркияның стратегиялық әріптесі ретінде Қазақстанмен арадағы мұндай игі істер екі халықты бұрынғыдан да жақындата түседі, деп мәлімдеді ол. 7 жыл бұрын (2010) Қазақстанның Француз Республикасындағы Елшісі Нұрлан Дәненов француздың Лез Ансиз қаласында «УКАД» қазақстан-француз бірлескен металлургиялық кәсіпорнының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Кәсіпорын титан өндірісін бірлесіп дамыту туралы Қазақстан және Франция президенттерінің арасындағы келісімге және 2008 жылдың маусым айында Өскемен титан-магний комбинаты мен француздың «Обер э Дюваль» және «ЕАДС-Эйрбас» компаниялары арасында қол қойылған келісімге сәйкес құрылып отыр. Қазақстан-француз кәсіпорыны Францияның әуе өнеркәсібі үшін титан бөлшектерін шығаратын болады. Өндірісті 2011 жылы бастау жоспарлануда. 7 жыл бұрын (2010) Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында Ел бірлігі доктринасының жобасы қаралып мақұлданды. Отырысқа қатысқандар Қазақстан Ел бірлігі доктринасы жобасын жөндеу және қорытынды ұсыныс жасау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынысын қарастырды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің құжаттарын талқылау қорытындысы бойынша доктрина жобасын мақұлдау шешімі қабылданды. 6 жыл бұрын (2011) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіз және инновациялық ядролық энергетика мәселелері бойынша Киевте өткен саммитке қатысты.  Форумның мақсаты - қауіпсіз бейбіт ядролық энергетиканы дамытуды қамтамасыз ету қажеттелігіне назар аударту. Киевтік саммитке 67 елдің делегациялары қатысты. Делегацияларды ел басшылары мен үкімет басшылары бастап барды. Саммит XX ғасырдың ең ірі техногендік апаты болып саналатын Чернобыль атом электростансасында орын алған апаттың 25 жылдығына орйластырылды. 5 жыл бұрын (2012) Алматының ортасында консерваторияның қасында қазақтың әйгілі күйші, композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші орнатылды. 4 жыл бұрын (2013) Қазақстанда «Номадтар алтыны» топтамасынан атаулы құны 500 теңгелік «Арқар» естілік монетасы айналымға шығарылды.   3 жыл бұрын (2014) Өскеменде Мұқтар Әуезовтың құрметіне мемориалдық тас ашылды. «Мұқтар Әуезов Абай әлемін, Қазақстан мемлекеті мен қазақтар ұлтын ашты. Ол әлемге қазақтың жанын ашты. Әлем мәдениетінде қазақ әдебиетінің лайықты орын алуына мүмкіндіәк берді», - деді салтанатты рәсімде М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан. 2 жыл бұрын (2015) Алматыда «Қазақ философиясының тарихы» атты екі томдық шықты. Бірінші том ежелгі түрік кезеңіндедегі қазақ философиясының қалыптасуы жайында айтады, екіншісі - ХV-ХІХ ғасырлардағы оның даму тарихын көрсетеді. Бір жыл бұрын (2016) Бурабай ТМД-дағы 3 ең атақты курорттардың үздік үштігіне енді. Бұл нәтижені 2016 жылғы жазға курорттарда қонақүйлер мен апартаменттерді броньдау деректері бойынша Travel.ru турсервисі жасады. ТМД елдеріндегі атақты курорттар бестігіне Ыстықкөл (Қырғызстан), Бурабай (Қазақстан), Каспий теңізі (Баку, Әзербайжан), Севан көлі (Армения) кірді. 242 жыл бұрын (1775) АҚШ тәуелсіздігі үшін соғыс басталды - Ұлыбритания мен лоялистер жақтас және Америкада британдық колония революционерлері оларға қарсы шықты. Соғыс нәтижесінде Құрама Штаттар тәуелсіздігі жарияланды.   76 жыл бұрын (1941) АҚШ Сенаты Израильде еврей мемлекетін құру идеясын қолдау туралы резолюцияны қабылдады. ЕСІМДЕР 142 жыл бұрын (1875-1960) астроном-ғалым, Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының академигі ТИХОВ Гавриил Адрианович дүниеге келді. Беларусьтің Минск облысында туған. Мәскеу университетін бітірген.1906-1941 жылдары Пулков обсерваториясында қызмет еткен, 1947-1960 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының астро-ботаника бөлімін басқарған. Негізгі ғылыми еңбектері астрономия мен спектрофотометрияға арналған. Фотометриялық бақылаулар тәсілі, яғни жарық сүзгісі бар колориметрия, жұлдыздың түсін анықтайтын бойлық спектрограф тәсілдерін жетілдірді. Оның Марс беті мен Жердегі өсімдіктердің спектрометриялық қасиеттерін қатар зерттеуі нәтижесінде астроботаниканың негізі салынды. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Бірқатар еңбектері атмосфералық оптика мен аэрофототүсіруге арналған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. 114 жыл бұрын (1903-1976) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, рентген сәулелерін және оның көмегімен заттың құрылысын, ядролық изомерия құбылысын алғаш зерттеушілердің бірі КОРСУНСКИЙ Моисей Израилевич дүниеге келді. Ресейде туған. Ленинград политехникалық институтын, Ленинград физика-техника институтының аспирантурасын бітірген. 1934-1938 жылдары - Харьков фармацевтика институтының кафедра меңгерушісі, Украина физика-техника институтының бөлім бастығы. 1952-1962 жылдары Харьков авиация институтының кафедра меңгерушісі, Харьков политехникалық институтының профессоры қызметтерін атқарған. 1962 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Ғылым академиясы Ядролық физика институтының бөлім меңгерушісі болған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері ядролық физикаға, қатты дене физикасына, шала өткізгіштер физикасына арналған. Оның көптеген еңбектері зарядталған бөлшектерді фокустау әдісіне арналған. Сондай-ақ ол шала өткізгіштердің фотоэлектрлік қасиетін зерттеу нәтижесінде олардағы аномальді фотоөткізгіштік құбылысына ашқан. Медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 101 жыл бұрын (1916-1991) ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мал дәрігері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЦОЙ Лаврентий Иванович дүниеге келді. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген. 1944-1948 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академии Эксперименттік биология институтының кіші қызметкері, Ақтөбе мал шаруашылық тәжірибе стансасының аға ғылыми қызметкері. 1948-1953 жылдары - республиканың қой өсіретін шаруашылықтарында зоотехник. 1953-1960 жылдары - Шымкент мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры. 1960 жылдан Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының доценті, 1973 жылдан кафедра меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері қой селекциясына және оны өсіру мәселелеріне арналған. Ол оңтүстік қазақ мериносын шығарушылардың бірі. 86 жыл бұрын (1931) анатом, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспондент-мүшесі  Алшынбай Рақышұлы РАҚЫШЕВ дүниеге келді. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Қарағанды медицина институтын және аспирантурасын бітірген. 1960-1964 жылдары осы институттың ассистенті, анатомия кафедрасының доценті болған. 1964-1966 жылдары - Целиноград (қазіргі Астана) медицина институтының кафедра меңгерушісі, оқу, және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 1966-1968 жылдары - КСРО ҒА Физиология институтының аға ғылыми қызмекері қызметтерін атқарған. 1968 жылдан бастап Алматы мемлекеттік медицина институтының профессоры, анатомия кафедрасының құрметті меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры. 1994-1995 Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті болып жұмыс iстеген. 1978 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Негізгі ғылыми еңбектері адам және жануарлар анатомиясына арналған. «Құрмет» орденімен марапатталған. 69 жыл бұрын (1948) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының, Румыния Сенатымен, Литва Республикасының Сеймімен, Хорватия Республикасының Парламентімен ынтымақтастық тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері  Светлана Жақияқызы ЖАЛМАҒАНБЕТОВА дүниеге келді. Ақмола облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1980-1982 жылдары - Целиноград қалалық партия комитетінің нұсқаушысы. 1982-1983 жылдары - Ленин аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1983-1985 жылдары - «Целиноградауылмаш» зауыты партия комитетінің хатшысы. 1985-1987 жылдары - Целиноград облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1987-1989 жылдары - Совет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1989-1991 жылдары - Целиноград облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, облыстық жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы. 1992-2003 жылдары - Ақмола облысы әкімшілігі басшысының, әкімінің орынбасары. 2003 жылы Ақмола облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат болып сайланған. «Құрмет» орденімен және төрт медальмен марапатталған. 62 жыл бұрын (1955) пианиношы, концермейстер, педагог, ЖОО-ның топ-менеджері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның ректоры  Жәния Жақияқызы ӘУБӘКІРОВА дүниеге келді. П.И.Чайковский атындағы мемлекеттік консерваторияны 1979 жылы, ал 1981 жылы аспирантураны профессор Л.Власенконың сыныбы бойынша бітірді. Ол 1979 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында концертмейстрлік қызметін бастае, 1981 жылдан бастап 12 жыл бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда аға оқытушы, доцент, арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушілік қызметтерін атқарады,1993 жылдан профессор, 1997 жылдан бастап осы консерваторияның ректоры. ҚР халық әртісі Жәния Яхияқызы Әубәкірованың есімі дүниежүзі музыка сүйер қауымына кеңінен танымал. Оның пианинодағы шебер еңбек жолы Қазақстан мемлекеттік сыйлығымен, Францияның өнер және әдебиетінің орденімен, Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты бекіткені үшін ІІ-Екатерина атындағы 2-дәрежелі «Кавалер» орденімен марапатталды. «Платиналық Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреатты, ал 1991 жылы ҚР әртісі атағы берілді. Францияда өткен халықаралық Маргарет Лонг және Жак Тибо конкурсында 1983 жылыГранприді жеңіп алған. Жеңістердің бірі - 1985 жылы Халықаралық камералық ансамбльдердің конкурсында Гранприге, Қазақстан Ленин комсомолы (1982) және «Тарлан» (2001) сыйлығының ие болған.. 1998 жылы «Классика» атты музыкалық агенттікті ұйымдастырды. Соның арқасында «Франциядағы қазақ маусымдарында» үлкен жетістіктерге жетіп, осындай концерттер 18 мемлекеттерде өтті. 30-дан астам үнтаспа жазылып, оның қазақстандық орындаушылар туралы 20-дан астам музыкалық фильмдері жарық көрді. Қазақстан Республикасының Халық әртісі (1991). Ж.Әубәкірованың жетістіктері туралы 1984 жылы «Жаңа толқын», 1986 жылы «Рояльдың алдындағы монологтар», 1998 жылы «Дуэт» атты деректі фильмдер түсірілген. 51 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушімі Патима Мұхамеджанқызы ҚИЯСБАЕВА дүниеге келді. 48 жыл бұрын (1969) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  («Нұр Отан» партиясынан VI  шақырту), Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет төрағасы ЩЕГЕЛЬСКИЙ Глеб Анатольевич дүниеге келді. 44 жыл бұрын (1973) әнші, домбырашы  Нұржан ЖАНПЕЙІСОВ  дүниеге келді.  Алматы облысының Панфилов ауданында туған. Талдықорған педагогикалық университетін бітірген. 1998 жылы Ж.Елебеков атындағы әншілер байқауының лауреаты, 2000 жылы «Жаңа ғасырға, жаңа ән» байқауының 3-ші жүлдесін, 2000 жылы «Шабыт» халықаралық фестивалінің 2-ші жүлдесін, 2002 жылы Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауының Бас жүлдесін иеленген. 2004 жылы Париж қаласында өткен ұлттық дәстүрлі музыка фестиваліне қатысқан. Гастрольдік сапармен Қытайда, Ресей қалаларында өнер көрсеткен. 115 жыл бұрын (1902-1989) кеңестік жазушы Вениамин КАВЕРИН дүниеге келді. 30 жыл бұрын (1987) ресейлік теннисші, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Мария ШАРАПОВА дүниеге келді.

ақпарат көзі kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар