«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ауруға шалдықтыратын сөздер

Ауруға шалдықтыратын сөздер
ашық дереккөз
Ауруға шалдықтыратын сөздер

Қазақта «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген мақалдар текке айтылмаса керек. Әрбіріміздің, мейлі қай тілде болсын біліп-түйгенімізге қарай, сөздік қорымыз қалыптасады. Сол сөздік қор біле білсеңіз өздігінен жүзеге асып жататын әлді бағдарлама. Яғни «Не ексең, соны орасың» деген мақалға саяды. Жақсы сөз жайқалтады, жаман сөз кеселге ұшыратады.

Неміс психотеропевті Носсрат Пезешкиан арты ауруға апаратын сөздерді алғаш болып тапқан. Ол уақыт өте келе бұл сөздердің барлық адамның сөздік қорында кездесетінін дәлелдеген.

Түсінген шығарсыздар... Ауру туғызатын сол сөздерді айтпаған бірде-бір адам жоқ. Барлығы да кездесті, айтты, егер ескермесе, айта бермек. Доктор Пезешкиан бұл сөздерге «ағза тілі» ("органическая речь") деген атау берді.

Олай болса солардың біразына тоқталайық:

– Шыдамым таусылды, ойлана-ойлана басым қатты, ой жанымды жегідей жеп бітті;

– Миымды жеп қойды, мойныма мініп алды,

– Ауаны тарылтты (мне перекрыли кислород), қорыта алмаймын;

– Өлгенше жүгіртті, жүрегім айниды (ұнатпайтын зат, адам), өңешімде тұр;

– Құр сүлдерім ғана қалды, қанымды қарайтты;

– Құсқым келеді (біреуден жеру), жүрегіме пышақ қадады;

– Менің орнымда болып көр, мені тығырыққа тіреді, жаның жай табатын жер болса ғой.

Осылай жалғасып кете береді. Қарап тұрсаңыз жай сөз тіркестерін қолданып жатқан сыңайлымыз, ал шынына келгенде, өз денемізге әмір беріп жатырмыз. Еріксіз денеміз айтқанымызды солай қабылдайды.

Ағза сөздері ауру тудыра ма, әлде белгі береді ме?

Пезешкиан жаңалығын жариялаған бетте, барлығы дұрыс-бұрысын тексере бастады. Әсіресе, "Аталмыш сөздер ауру тудыра ма, әлде белгі бере ме?" - деген сұрақтың жауабын білуге ұмтылды. Зерттеу нәтижесінде ауруды туғызатын болып шықты. Кейбіреулерінің адам ағзаны құртатын сөздерді айтпай жатып ауруға шалдығуы мүмкін, ал әлгіндегі сөздер сигнал береді деген болжамы жоққа шығарылды.

Ағзаны бұзатын сөздердің жұмысы – ауруды қоздыру.

Ағза бұзушы сөздер қандай ауруларды тудырады? Төменде көрсетілген дерек - мыңдаған науқастарға жасалған зерттеудің нәтижесі. Қандай сөз қай аурудың тууына себепші? Зер салып көрейік:

*Құсқым келеді, өңешімде тұр, жүрегім айниды – жүйке анорексиясы;

*Арқамнан жүк түспейді, шаруаларым мойнымнан асады – тұз жиналу (остеохондроз);

*Жанымды жегідей жеп бітті, өмірімнің астаң-кестеңін шығардым, өз-өзіме тиесілі емеспін, өлгенше жалықтырып жіберді – ісік ауруы (рак);

*Бүйрегіме тас болып отырып алды, басыма саңқып кетті, әлім жоқ, өлгенше шаршадым – қуық ауруы;

*Жаным жай табатын жер болса ғой, ашуыма ерік бердім, ауаны тарылтты – тыныс жолдарының қабынуы (бронхит пен астма);

* Қанымды сорып бітті, құр сүлдерім қалды, қанымды қарайтты – қан аурулары;

*Жүрегіне жақын қабылдау, жүрегім қақ айырылады, жүрегіме пышақ сұғып алды – жүрек талмасы (инфаркт миокарда);

*Басым сынды, бітпейтін бас ауруы,шақшадай басым шарадай болды – мигрень (жүйке жүйесі аурулары);

*Екі аяқ бірдей ақсап тұр (жұмысы жүрмеу), шатқалақтау - буын ауруы;

*Шыдамым таусылды, ашу қысты – гипертония;

*Қайғы жұттым, өмірің балдай көрінбесін, қуанатын түгі жоқ – бауыр және өттің қабынуы, семіздік;

*Көзім көрмей қалушы еді, көруге қорқынышты, көзге түртсе көрмейді – көз ауруы;

*Аузыңды жап, сөйлеме, естігім келмейді – есту қабілетінің төмендеуі;

Қорытатын болсақ, осы айтылғандар барлығымзға сабақ болу керек. «Жаңылмайтын жақ жоқ» дейді. Бұл бір айтқаннан қалыптаса салатын нәрсе емес. Бірақ әрбір сөзімізге мән беріп, не айтқанымызға назар салып жүрсек, жағымсыз сөзден айығарымыз анық. Бұл ауруға әкеліп соғатын сөздердің орнын жақсы сөздермен алмастырып, тілдік қорымызды әдемі, пайдалы сөздермен байытқанымыз абзал.

Қасиетті Құранда да Алла Тағала:

«/Ей, Мұхаммед!/ Алланың жақсы сөзді қалай мысал етіп келтіргенін көрмедің бе? Жақсы сөз жақсы ағаш секілді, оның тамыры мықты, бұтағы аспанда». («Ибраһим» сүресі, 24-аят).

«Ал, жаман сөздің мысалы – жердің бетінен жұлып алынған (тамыры) орнықсыз жаман ағаш сияқты». («Ибраһим» сүресі, 26-аят), - деп ескерткен еді.

ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар