Алматыда 3,5 миллиард теңгенің антиквариаттары контрабандасының жолы кесілді
- author «Ақ жол»
- 14 сәуір, 2017
- 471
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметіндегілер жедел-іздестіру шаралары барысында ірі көлемдегі антиквариат, асыл тастармен безендірілген зергерлік бұйымдар, маркалы шарап пен коньяк контрабандасының жолын кесті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәркіленген зергерлік бұйымдардың бөлшек бағасы 11 миллион доллардан (3,5 миллиард теңгеден аса) асатыны айтылады. Алдын ала мәлімет бойынша, тауарлар халықаралық пошта арқылы Еуропа мен АҚШ елдерінен әкелінген. "Антиквариат заттардың ішінде асыл тастармен және асыл металдармен әшекейленен "Фаберже жұмыртқалары", сондай-ақ, манускриптер. ежелгі қарулар, қылыштар, семсерлер, картиналар, вазала, сирек кездесетін және 20-200 жыл сақталған алкоголь өнімдерінің 70 бөтелкесі болған", - деді Мемлекеттік кіріс департаментіндегілер. Сонымен қатар, тәркіленген заттардың тарихи құндылығын және мемлекетке келтірген шығынының көлемін анықтау үшін қажетті сараптама тағайындалғаны айтылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабының 2-бөлігі бойынша ("Экономикалық контрабанда") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




