Криштиану Роналдудың "Бавария" қақпасына соққан екінші голы еурокубоктағы 100-голы болды. Футболшы Чемпиондар лигасында – 97 гол, УЕФА Суперкубогында – 2 гол, Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінде 1 гол соққан. Роналду 100 голды 135 ойында соқты. Португалдық шабуылшы еурокубок ойындарында 100 гол соққан алғашқы футболшы атанып отыр. Осыған дейін мұндай жетістікті бірде-бір футболшы бағындырмаған. Роналдуды өкшелеп Лионель Месси келеді. Ол еурокубок ойындарында 97 гол соққан. Еурокубок ойындарының ең үздік сұрмергендері: 1. Криштиану Роналду – 100 гол 2. Лионель Месси – 97 гол 3. Рауль – 76 гол 4. Филиппо Индзаги – 70 гол 5: Герд Мюллер – 69 гол
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




