Жаңа жер кодексі туралы не білуіміз керек?
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер бойынша комитетінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған жаңа жер кодексінде қандай мәселелер қамтылған? Соған бір шолу жасап көрсек.
Ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институты сақталады
- Ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын жетілдіру көзделеді. Ауыл шаруашылығын жүргізуге ниет білдірген адам конкурсқа қатыса алады. Ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде жалға берудің бөлек тәртібін белгілеу қарастырылады.
- Конкурсқа қатысушыларға бірдей қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ, әкімдіктердің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстарында жариялау қарастырады.
- Ауыл шаруашылығы жерлерін беруге қоғамдық кеңестердің және ұйымдардың өкілдері қатысады.
- Қазіргі уақытта мемлекет ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сатпайды, шетелдіктерге берілмейді.
Ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерінің көлемін белгілеу
- Жер реформасы бойынша комиссиямен ауыл шаруашылығы мақсатында жалға берілетін жерлердің шекті мөлшерін белгілеу ұсынылды.
- Жер учаскелерінің мөлшеріне шектеуді белгілеу оларды тиімді және ұтымды пайдалануға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осындай жерлердің көлемі жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша Үкіметпен бекітілген.
Жыл сайын мониторинг жүргізіледі
- Ауыл шаруашылығы жерлеріне жалға алудың алғашқы 5 жылында жыл сайын мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу қарастырылды.
- Ауыл шаруашылығы жерлерінің мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдері тартылады.
Ауыл тұрғындары үшін жайылымдарды анықтау
- Ауылдарда жайылымдардың жетіспеушілік проблемасын шешу үшін әкімдерге тұрғындарға мал жаюға қажетті жайылымдарды мемлекет мұқтажы ретінде мәжбүрлеп алып қоюға мүмкіндік беріледі.
Шекара маңынан берілетін жерлерге талаптар күшейтіледі
- Шекара белдеуі мен аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы жерлерін беру талаптары күшейтіледі. Мемлекеттік шекара белдеуінде орналасқан жер учаскелері жергілікті халықтың қажеттілігі үшін пайдалануға беріледі.
- Шекара аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері тек Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларына уақытша жер пайдалану құқығымен беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді