Жарна төлемегендер медициналық көмектен мүлдем қағыла ма?
- author «Ақ жол»
- 13 сәуір, 2017
- 452
«Жүйе шеңберінде 2020 жылдың 1-қаңтарына дейін өтпелі кезең қарастырылған. Бұл белгілі бір жағдайлармен жарна төлеуге мүмкіндігі болмаған, сақтандырылмаған азаматтарға арнап әдейі жасалған мүмкіндік. Бұл мүмкіндікті еліміздің барлық тұрғыны пайдалана алады. Жарна төлемеген азаматтар 2020 жылдың қаңтарына дейін емханалық-амбулаторлық көмекті де, стационарлық көмекті де, шұғыл көмек түрлерін де пайдалана алады. Ал, жоспарлы стационарлық көмекті 2020 жылдан бастап пайдалана алмайды. Ол үшін өтпелі кезең тоқтатылады. Тек шұғыл көмек пен әлеуметтік маңызы бар сырқаттарға ем жасайтын кепілдендірілген емдеу, кепілдендірілген тегін медициналық көмек түрлері ғана қалады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қордың мәліметінше, 2020 жылдан бастап әлеуметтік сақтандыру пакеті шеңберіндегі көмек түрлерін толық пайдалану үшін міндетті түрде жарна төлеу керек болады. Жарнаны ай сайын немесе бірден 12 айға төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Еске сала кетсек, 2017 жылдың шілдесінде елімізде сақтандыру жүйесі кезең-кезеңмен енгізіле бастайды.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




