Әдебиет әлеміне жолдама алғанына көп болмаса да, республикалық «Адырна» әдеби-көркем, көпшілік журналы оқырмандардың талғам-талабын тап басатын рухани дүниелерді жұртшылықтың назарына ұсынып келеді. Ұлт зиялыларының, ақындар мен жазушылардың жаңа туындыларын басылым бетінде тұрақты жариялап келе жатқан «Адырна» журналының өзіндік болмысы, салған сара жолы бар. Есімі елімізге етене таныс ақын Мейірхан Ақдәулетұлы басқаратын жаңа журналдың сәуір айындағы санына газетіміздің мәдениет және спорт бөлімінің редакторы, талантты ақын Табиғат Абаилдаевтың да өлеңдер топтамасы жарияланыпты. Бүгінгі таңда елімізде әдеби-көркем журналдар көп емес. Солардың қатарына жаңаша леппен, өзіндік стилімен, көркем дизайнымен қосылып отырған «Адырна» журналы – руханияттың қамқоршысы екені сөзсіз. «Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




