Отырыс барысында журналисттер банк басшысына әртүрлі сауалдар қойды. Сұрақтар негізінен мемлекеттік банк арқылы үй алудың түрлі тетіктері хақысында қойылды.
Тоқ етертін айтқанда, алғыңыз келетін үйдің елу пайызын банкке салсаңыз (жинақтап) қалған сомасын банк беріп, үй алуыңызға болады. Қысқасы – осы.
Ал, қазіргі нарықтағы бағамен алып қараған күннің өзінде жұмыссыз, бірақ үкіметтің есебіне «өзін-өзі қамсыздандырушы» болып еніп кеткен, үлкен қаланың іргесінен үй жалдап, жанымен жан бағып жүрген мыңдаған адамдар банк арқылы алар баспананың 50% жинай ала ма?
Бұл сұраққа ешкім кесімді жауап бере алмайды.
Ал, біздегі есептердің бәрі орташа айлық жалақымен есептеледі. Банктер зейнетақы қорыңызға аударымдар жүйелілігін бәрібір талап етеді. Өйткені, төлем жасайтын жағдайыңыз бар екеніне көз жеткізуі тиіс.
Қайтпек керек?
Осы ойларды қорыта келе, отырыс барысында банк басшыларына «кез келген зейнетақы қорындағы ақшасын банкке салып, соның есебінен үй алуға бола ма?» деп сұрадық.
Ләззат Ибрагимова ондай жүйе қарастырылмағанын айтты.
Демек, бұл мәселе ұдайы көтерілсе, Үкіметтің алдына шығарылса, түбінде шешімін табады. Мсәелен, белгілі саясаттанушы, БЖЗҚ жанынан құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы Досым Сәтпаев бір сұхбатында былай депті:
«Үкімет зейнетақы жасын өсіруге бас қатырғанша, салымшылардың бір бөлігіне өз жинағын мерзімінен бұрын шешіп алуына мүмкіндік беретін тетікті қарастырса, жөн болар еді».
Сарапшының бұл сөзі біз сөз етіп отырған мәселеге үстеме береді. Яғни, Үкімет салымшыларға өз жинағының бір бөлігін шешіп алуға немесе Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" аударым жасау арқылы үй мәселесін шешетіндей механизмдерді қарастыру тиіс. Мұндай қадам Үкіметтің өзін де тиімді әрі халық қолдауына ие болатын бастамаға айналар еді. Егер қоғамдық қозғау болса, Үкімет шешім қабылдаса, банк тарапы мұндай бастаманы қолдайтыны сөзсіз.
ақпарат көзі:Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді