Қазақстанда жастар саясатын жүзеге асыруға биыл 1,5 млрд. теңге бөлінді
- author «Ақ жол»
- 10 маусым, 2014
- 899
Ағымдағы жылы елімізде жастар саясатын жүзеге асыруға 1,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Жастар ісі комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова мәлім етті.
«Республикалық бюджетте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 1,5 млрд. теңге, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға 500 млн. теңгеден астам қаржы қарастырылған», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл салада әлі де болса бірқатар кемшіліктер бар. Мәселен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік жастар саясатын қаржыландырудағы салааралық ұстанымның даму деңгейі төмен болып отыр.
«Сонымен бірге өңірлердегі мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру көлемі де теңгерімсіз болуда. Яғни, қаржыландыру көлемі шамамен 150-200 млн. теңгеге дейінгі айырмамен орын алуда», - деді Р.Кәрібжанова.
Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, еліміздегі жастардың жалпы саны 4,3 млн. адамды құрайды. Оның 2,2 миллионы жұмыс істесе, білім алып жатқандардың саны - 1,9 млн. Ал жұмыссыздар саны - 117 мың.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды
- 27 наурыз, 2026
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті
- 26 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




