Промоутер: Головкин-Сондерс жекпе-жегін Лондонда өткізу пайда табу жағынан тиімді
- author «Ақ жол»
- 10 сәуір, 2017
- 239
- Қазір ерінбегеннің барлығы Головкин туралы айтып жүр. Бірақ, көбісі Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда өткізу тиімсіз екенін айтады, - дейді Жарылғапов.
- Ал сіздің ойыңызша қалай?
- Әрине, Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда өткізу қаржы жағынан көп шығынға ұшыратады. Дегенмен, бұл бағаны түсіруге де болады. Себебі, Головкиннің өзі Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келеді. Қазір бұл жекпе-жекті біздің елде өткізуге байланысты факторлар көбейіп кетті. Оның бірі – «Канело». Бұл жағдайды Сондерс пайдаланып, өзінің жарнамасын жасап жатыр.
- Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастыру боксшы үшін қаншалықты табысты болар еді?
- Тағы қайталаймын, бұл жекпе-жекті Қазақстанда өткізу үшін қыруар ақша керек. Бұл біздің елімізге, бірінші кезекте, жарнама үшін керек. Бұрнағы күні жекпе-жек EXPO-2017 кезінде өтуі мүмкін деген әңгіме айтылып жүр. Егер шын кірісетін болса, Головкиннің қатысуымен Қазақстанда PPV жекпе-жегін өткізуге болады. Осындан 3-4 жыл бұрын Мэнни Пакьяо Макаода жекпе-жек өткізген еді. Ол кезде ұйымдастырушылар америкалықтар еді. Сол себепті жекпе-жекті таңертеңге қойды, уақытын АҚШ-қа қарай ыңғайлады. Біздің елде де осындай-осындай қиын мәселелер бар. Пайда табу жағынан алсақ, әрине, Лондон таптырмайтын орын. Оның үстіне Сондерс британиялық боксшы. Жанкүйерлерді жақсы жинай алады. Десек те мұндай жекпе-жекті кез келген елде өткізуге болады.
- Егер Сондерс Головкинмен жекпе-жек өткізуден бас тартса, отандасымыз кімдермен қолғап түйістіргені дұрыс?
- Головкиннің кез-келген боксшымен жекпе-жек өткізуіне болады. Өйткені ол қазір сұранысқа ие боксшылардың бірі. Оның үстіне Қазақстанда өткізсе, еліміз үшін жақсы PR болады. Дейтұрғанмен Сондерске қарсы жұдырықтасқаны дұрыс болар еді. Бұл қазақ жанкүйерлері үшін де үлкен сый. Келіссөздер сәтті аяқталады деп үміттенемін.
Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин-Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда «XPO-2017» халықаралық көрмесі кезінде өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжауда, алайда келіссөз әлі де жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді