«Ананди» қазақстандық телехикаяға түсті
«Келін» телехикаясында Анандидің рөлін сомдаған актриса Авика Гор елімізге тағы да келді. Енді ол қазақстандық телехикаяға түсуде.
Жақында Астана телеарнасында «Қош келдіңіз» сериалы жарыққа шығады. Телехикаядан қазақ отбасында қонақ болған Анандиді көресіздер.
Сонымен қатар, үнді актрисасы Берік Тұрсынбековпен бірге «Күлпәштің хикаялары» түсіріліміне қатысыпты.
Инстаграм желісінде Авика Гордың бірнеше отандық бағдарламаға түсіп, қазақстандық жанкүйерлермен кездескен сәті жарияланды.
Еске сала кетейік, үндінің «Келін» телехикаясында басты рөлді сомдаған Авика Гор (Ананди) бұған дейін де Қазақстанға келді. Ол ұлттық арнадағы «Таңшолпан», «Түнгі студия», «Әйел бақыты» сынды бағдарламалардың қонағы болған.
ақпарат көзі:Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




