Мусиннің алған парасы
1,4 миллион теңгеге жеткен Жемқорлыққа жол берген Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Мусиннің ұсталғаны туралы хабар жедел тарады. Ол кәсіпкерлерден сұраған кезекті «сыйақысы» – 400 мың теңге пара алып жатқан кезінде қолға түсіп, Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалалық департаментіндегілер оның бұған дейін де мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мүддесін қорғау үшін тиісті мөлшерде пара алып келгенін анықтап отыр. Ұлттық бюро таратқан мәліметке сүйенсек, Бауыржан Мусин алған параның жалпы сомасы 1,4 миллионға жетіпті. Тергеу амалдары жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




