Қазақстанда жүргізуші куәлігінің мерзімі өткенде қайта емтихан тапсыру жойылмақ
- author «Ақ жол»
- 6 сәуір, 2017
- 529
Қазақстанда жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайда қайта емтихан тапсыру жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Қанат Мусин мәлім етт.
Оның атап өтуінше, бастапқыда Мәжіліс депутаттары аталған заңға енгізілуі тиісті 120-дан астам түзетуді қарастырған. Нәтижесінде оның 55-і қалып отыр. «Өйткені, түзетулердің біразын депутаттардың өздері кері қайтарып алды. Жұмыс тобының талқылауы барысында да түзетулердің бірқатары қабылданған жоқ», - деді Қанат Мусин. Депутаттың айтуынша, заңда жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды азайту, құжаттарды тексеру барысында көлік жүргізушіге фото және бейнетүсірілім жасауға рұқсат беру, күндізгі уақытта елді мекендер ішінде жүрген кезде көліктің жақын жарығын қосу міндетін алып тастау, ішкі істер органдарының қызметкерлері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушылардың көліктен шығуға тыйымды алып тастау, жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда қайта емтихан тапсыру талабын алып тастау көзделген.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




