Таңғы уақытта кітапхана ғимаратында құбыр жарылып, ыстық су аққан. Салдарынан кітаптар тұрған стеллаждар бір-біріне құлап, кітаптар су астында қалды.
Кітапхана директоры Шолпан Шахметованың айтуынша, коммуналдық апат салдарынан көптеген кітап зақымданып, жарамсыз болып қалды.
«Өкінішке қарай, су болған кітаптардың басым бөлігі жарамсыз болып қалды. Қазіргі уақытта мамандар оларды актілер бойынша, қордан шығарып жатыр. Бөлімде қосымша жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бірнеше күннен соң бөлім жұмысын жалғастырады», - дейді Шолпан Шахметова.
Мәдени ошақ мамандарының сөзінше, су болған кітаптардың арасында сирек кездесетіндері жоқ.
«Жарамсыз болған кітаптардың кейбіреулерін сақтап қалуға мүмкіндік бар. Айта кетерлігі, олардың көбі оқырмандар арасында жоғары сұранысқа ие. Абырой болғанда, қорымызды бұл кітаптардың екінші немесе үшінші даналары бар», - дейді мамандар.
Қазіргі уақытта коммуналдық апаттан келген шығын көлемі анықталып жатыр. Кітапхана директорының мәліметінше, мемлекеттік тапсырыс бойынша басылған бір кітаптың бағасы шамамен 1200-1500 теңге. Алдын ала есеп бойынша, шығын көлемі, 1 млн. теңгеден асып кетті.
С.Торайғыров атындағы әбмебап кітапхананың 120 жылдық тарихы бар. Қазіргі кезде мәдениет нысаны – Қазақстандағы ең үздік кітапханалардың бірі. Кітап қоры облыстағы ең ірі, кітапхана ғылыми, оқулық, өлкетану, көркем әдебиет үлгілерін ұсынады. Жыл бойы кітапханаға 32 мың оқырман келеді және 900 мыңға жуық кітап пен журнал беріледі. Бүгінде кітапхана құрамында, әртүрлі кітапханалық бағытта жұмыс істейтін, ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін 14 бөлім бар.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




