Ковалев пен Уордтың екінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 5 сәуір, 2017
- 272
Roc Nation және Main Events промоутерлік компаниялары жартылай ауыр салмақтағы WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, 33 жастағы америкалық боксшы Андре Уорд (31-0, 15 КО) пен 34 жастағы ресейлік Сергей Ковалев (30-1-1, 26 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің қашан өтетінін ресми жариялады. Бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесу 17 тамыз күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтетін болады. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы PPV жүйесі арқылы ақылы көрсетіледі. Келесі аптада Нью-Йорк, Окленд және Лос-Анджелес қалаларында екі боксшының қатысуымен пресс-тур өтеді. "Екінші жекпе-жек өтетініне қуаныштымын. Бұл кездесуде Уорд шаршы алаңға шығады деп ойлаймын. Бокс көрермендері көптен бері көрмеген жақсы бір жекпе-жек көреді. Уордқа қарсы жекпе-жек менің карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек болмақ. Барлық жанкүйерлеріме алғыс білдіремін", - деп келтіреді Ковалевтің сөзін BoxingScene.com порталы.
Еске салайық, WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша Ковалев пен Уорд арасындағы бірінші жекпе-жек 20 қарашы күні Лас-Вегаста өткен еді. Ол жекпе-жектің 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен америкалық боксшы жекпе-жек жеңіске жеткен еді.
Ұқсас жаңалықтар
Туа біткен жүрек ақауын емдеудің жаңа әдісі табылды
- 17 қыркүйек, 2024
Тұмауға қарсы екпе салу басталды
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді