Соңғы кездері Сондерстің өкілдері орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) командасымен келіссөздер жүргізіп жатқан еді. Астанада маусым айына жоспарланған бокс кешінде Головкиннің басты қарсыласы ретінде осы ұлыбританиялық боксшы аталған болатын.
Сондерс өз мәлімдемесінде келіссөздердің неліктен сәтсіз аяқталғанын айтпады. Сонымен қатар, ол кіммен келіссөз жүргізіп жатқаны туралы да тіс жармады. Барлық сұрақ бойынша өзінің промоутері Фрэнк Уорренге хабарласуды сұрады.
«Жекпе-жек болмайды. Менен емес, Фрэнк Уорреннен сұраңыздар. Болмашы істермен айналысқым келмейді. Tesco (британиялық супермаркеттер желісі – ред.ескертп) дүкендерінен жұмыс іздеп көрсем деймін», - деп жазды Сондерс Twitter желісіндегі өз парақшасында.
Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин-Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда «EXPO-2017» халықаралық көрмесі кезінде өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжануда, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




