Тұмсығы ұзын, қанаты кең құсты тапқан тұрғындар жұмыс орындарына алып кетіп, өздері жылынатын шағын вагон ішіне сақтап отыр. Ғаламтордан қанаттының түр-тұрпатын іздеп көріп, «Қызыл кітапқа» енген үлкен көлбұғаға ұқсатқан. Ақтөбеліктер құсты қайда орналастырарын білмей отыр. Далада қалса, итке жем бола ма деп алаңдайды.
«Жұмысқа баратын жолда тал түбінде құстың отырғанын байқадық. Жақындадық, ұшпады. Бақылап қарасақ сирек кездесетін құстардың бірі. Ит жеп кетер деп өзімізбен бірге алып кеттік. Нан, су бердік, алайда нәр татпады. Мүмкін балық, ет жейтін шығар. Білетін адамдар алып кетсе дейміз. Себебі, бұл жерде өліп қалады ғой», - дейді қала тұрғыны Сапар Қадыров.
Жігіттердің айтуынша, сирек кездесетін құс тобынан ажырап қалған деген пікірде.
«Жұмысқа әкеліп, ғаламтордан қарадық. Үлкен көлбұғаға ұқсаттық. Ресейде қызыл кітапқа енген құс екен. Қолымызбен тамақтандыруға тырыстық. Бірақ қоректенбейді. Бірте-бірте әлсіреп бара жатыр. Тобынан қалып қойған секілді, Мүмкін бір жері сынған шығар. Алайда, жарақатын байқамадық. Үлкен көлбұға үнемі басын жоғары ұстайды», - дейді Әнуар Самбаев.
Ал, Ақтөбе қаласындағы жас натуралистер станциясы құстың ерекше түрін қабылдауға дайын.
«Табылған құсты қабылдаймыз. Ол туралы барлық ақпаратты іздеп табуға тырысамыз. Дегенмен, үлкен көлбұғаны біздің жағдайға бейімдеу қиындық туғызуы мүмкін. Уақыт көрсетеді», - дейді қалалық жас натуралистер станциясы директорының орынбасары Гүлмира Әбіқаева.
Айта кетейік, негізінен сулы, қамысты жерді мекендейтін үлкен көлбұға еліміздің оңтүстігінде қыстайды. Сондай-ақ, жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұрған құс ретінде Литва, Латвия мен Польшаның Қызыл кітабына енген.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді