Ірі астероид Жерге жақындап келеді
JO25 астероиды 2017 жылдың 19 сәуірінде Жерге барынша жақындайды. Оның диаметрі 1,5 километрге дейін жетеді. Бұл туралы NASA ғарыш агенттігінің қызметкерлері хабарлады.
Астероид Айға дейінгі бес есеге жуық жақын қашықтықта жақындайды, бұл өте қауіпті қашықтық саналады екен. Астрономдардың пікірінше, 2014 жылы ашылған JO25 Жермен соқтығысуы екіталай, бірақ олай деп кесіп айтуға да болмайды.
NASA-ның мәліметінше, мұндай ірі нысан біздің ғаламшарымызға жақын келмегеніне бірнеше ондаған жыл өткен. Келесі жолы кем дегенде төрт ғасырдан кейін қайталануы мүмкін екен.
20 сәуірге қараған түні JO25 астероидын Жерден тамашалауға болады. Ол үшін дүрбі пайдалану керек.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




