«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстаннан Моңғолияға ұшақ қашан ұшатыны белгілі болды

Қазақстаннан Моңғолияға ұшақ қашан ұшатыны белгілі болды
ашық дереккөз
Қазақстаннан Моңғолияға ұшақ қашан ұшатыны белгілі болды
Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Өз жазбасында министр осы жылы елімізден әлемнің бірқатар мемлекетіне жаңа рейстер ашылатындығы туралы баяндаған.

"Министрлік халықаралық бағыттардағы әуе тасымалын арттыру мақсатындағы жоспарлы жұмысын жалғастырады. Өткен жылы 7 халықаралық бағытта әуе рейстері ашылды. Олар – Астанадан Амстердамға, Алматыдан Сиань, Шарм-Эль-Шейх және Тегеран қалаларына, Ақтаудан Батуми және Сочи қалаларына, сондай-ақ, Шымкент-Ыстамбұл арасында ашылған әуе рейстері. Халықаралық бағыттағы сұраныстар жыл сайын артып келеді. Мәселен, биыл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуімізге байланысты, «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытуға байланысты Қазақстан мен Еуропа елдері арасында шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп жаңа бағыттар ашу жоспарланып отыр" - дейді министр.

Оның айтуына қарағанда 2017 жылдың 8 мамырында польшалық LOT Polish Airlines әуе компаниясы Астана-Варшава бағытында аптасына 4 рет қатынайтын жаңа әуе рейсін ашады.

"Сондай-ақ, Астана-Будапешт арасындағы алғашқы әуе қатынасы осы жылдың 1 маусымында ашылады. Кеше Орталық және Шығыс Еуропадағы ең ірі лоу-кост әуе тасымалдаушысы Wizz Air әуе компаниясы Астана мен Будапешт арасындағы жаңа әуе қатынасының іске қосылатынын жариялады. Жаңа әуе қатынасы аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері жұмыс істейтін болады. Бұл - Қазақстан және Венгрия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай жасалған керемет тарту. 19 маусымнан бастап FinnAir 2 әуе компаниясы Астана-Хельсинки бағытында аптасына 2 рет қатынайтын жаңа бағытты іске қосады" - деді Жеңіс Қасымбек.

Министр бұған дейін Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өте үлкен сұранысқа ие рейстің қашан ашылатынын да айтты.

"Маусым айынан бастап Астана-Бейжің бағытында аптасына 3 рет Air China ұшақтары қатынайтын болады. Қазақстандық әуе компаниялар да халықаралық бағыттар бойынша өрісін кеңейтпек. 2017 жылдың маусым айынан бастап «Эйр Астана» Астана-Улан-Батор арасында, «SCAT» әуе компаниясы Астана-Ереван арасында жаңа әуе рейстерін ашады. «Эйр Астана» әуе компаниясы халықаралық бағытта жаңа әуе рейстерін ашу үшін үлкен жұмыс атқарып жатыр. 2019 жылы Астанадан Сингапур мен Токиоға, 2020 жылы Шанхай мен Нью-Йорк бағытындағы жаңа рейстер ашу жоспарында бар" - деді ол өз жазбасында.

ақпарат көзі: Baq.kz

   

Ұқсас жаңалықтар